Қазақстан көпжақты таратпау режімдерінің нығайтуын қолдайды

Қазақстан көпжақты таратпау режімдерінің нығайтуын қолдайды

Ү.ж. 24 қарашада Сыртқы істер министрлігінде Германия, Испания, Ресей, АҚШ, Франция және Швейцария өкілдері кураған Зымыран технологияны бақылау режимі (ЗТБР) делегациясы сапары шеңберінде Қазақстанның таратпау және қарусыздану саласындағы сыртқы саясатының басымдықтары, экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі, қазақстандық аэроғарыш өнеркәсібін дамыту перспективалары және ғарыш кеңістігін игерудің ұлттық бағдарламасы туралы таныстырылым өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті және көпжақты таратпау режимдерін, оның ішінде ЗТБР-ды нығайтуға бейілділігін растады.

Қазақстан ЗТБР-дың «жақтаушысы» мәртебесіне ие және жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі күш-жігерге өзінің кезекті үлесін қосу үшін осы халықаралық режимнің толық құқықты мүшесі болуға ұмтылуда.