Қазақстанда инвесторлармен жұмыс істеу үшін арнайы келіссөздер жүргізетін командасын құру туралы

Қазақстанда инвесторлармен жұмыс істеу үшін арнайы келіссөздер жүргізетін командасын құру туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 13 сәуірі - Мемлекет басшысының Инвестицияларды басқару жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеу жөніндегі арнайы топ – Task Force құрылды.

Task Force құру туралы бірлескен бұйрыққа бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қол қойды. Task Force - бұл Инвестициялық штабтың жұмысын ұйымдастыруға және Инвестициялық штабтың күн тәртібін қалыптастыруға жауапты арнайы келіссөздер жүргізетін топ. Ол жобаларды әзірлеу, құрылымдау процесінен бастап инвестициялық жобаны іске асыру басталғанға дейін толассыз сүйемелдеуді қамтамасыз ететін болады.

Бүгінгі таңда команданың алғашқы құрамы қалыптастырылды, оған KAZAKH INVEST және АХҚО қызметкерлері тұрақты мүшелер ретінде кірді. Task Force жұмысына ОМО, ЖАО, қаржы институттары, квазимемлекеттік сектор мен «Атамекен» ҰКП қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің өкілдері тартылатын болады.

Инвесторлармен пысықталатын нақты жобалар Инвестициялық штабтың қарауына шығарылатын болады. Штабтың міндеті - инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша басқарушылық шешім қабылдау.

Инвесторлармен пысықталып жатқан нақты жобалар ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвестициялық штабтың қарауына шығарылатын болады. Инвестштабтың міндеті - инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша және ағымдағы жылдың 16 қаңтарында күшіне енген (2020 жылғы 2 желтоқсанда қол қойылған) «Экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы заң» шеңберінде стратегиялық инвестициялық келісімге қол қою бойынша басқарушылық шешім қабылдау.