Нидерланды Корольдігінде Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті

Нидерланды Корольдігінде Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті

20 ақпан 2021, Гаага - Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Елшілігі Нидерландыдағы қазақстандықтардың қауымдастығы Qazaq House Foundation мен бірігіп Алғыс айту күніне арналған «Stay warm, drink Kazakh tea» іс-шарасын өткізді. Осы іс-шара аясында қала тұрғындарына ұлттық дәстүрдегі ыстық шай мен тәттілер ұсынылды; келушілерге Қазақстандағы Алғыс айту күнінің тарихы туралы айтылды және оларға ұлы Абай Құнанбаевтың нидерланд тіліне аударылған «Қара сөз» кітабы сыйға тартылды.

Алғыс айту күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 1 наурызда атап өтіледі. Бұл күні достық атмосферасын құрып, халықтар бірлігін нығайта отырып, этностардың бір-біріне деген мейірімділігі, төзімділігі мен құрметі еске алынады (Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілдері достық пен келісімде өмір сүреді).