Нидерланды-Қазақстан бизнес қауымдастығының кезекті отырысы онлайн режимінде өтті

Нидерланды-Қазақстан бизнес қауымдастығының кезекті отырысы онлайн режимінде өтті

2021 жылы 27 қаңтарда Қазақстан мен Нидерланды елшілерінің Нидерланд-Қазақстан іскерлік қауымдастығымен бейнеконференция форматында дәстүрлі кездесуі өтті. Арнайы қонақ ретінде «Қазақтелеком» АҚ төрағасы Қ.Есекеев шақырылды.

Қазақстан Елшісі А.Жұмағалиев қауымдастық мүшелерін қарсы алып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі тенденцияларымен таныстырды. Атап айтқанда, Елші 2021 жылы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлаудың нәтижелері туралы және 2021 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев мәлімдеген реформалары жайлы сөз қозғады. Елші Президенттің жаңа бастамалары Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі институционалды дамуына және адам құқығын қорғауды жетілдіруге бағытталған деп қосты.

Сонымен қатар, өз сөзінде А.Жұмағалиев мемлекеттер арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның экономикалық дамуына қатысушы мемлекет – Нидерландының басшылығымен жеке байланыстарының рөлін атап өтті. Бұдан бөлек, ҚР Елшісі ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің 2019 жылдың соңында Нидерландыға жасаған сапарының маңыздылығын атап өтіп, бұл қазақстан-голланд іскерлік ынтымақтастығына, әсіресе ауыл шаруашылық саласында серпін бергендігін айтады.

Өз кезегінде КН Елшісі А.Карстенс 2020 жылды қысқаша қорытындылап, Нидерланд елшілігінің осы жылға арналған жоспарлары мен басымдықтары туралы ақпарат беріп, ауыл шаруашылығы, жасыл экономика және энергетика сияқты ынтымақтастық бағыттарын атап өтті.

Вебинар соңында Қауымдастық төрағасы Х.Нибур сөзді Қ.Есекеевке беріп, оны Нидерланд-Қазақстан бизнес қауымдастығының құрметті төрағасы ретінде таныстырды. Қауымдастықтың елшілеріне және мүшелеріне алғыс білдіре отырып, Қ.Есекеев B2B байланыстарын нығайту туралы ойларымен бөлісіп, елдер арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамытуға көмектесуге дайын екенін білдірді.

Іс-шараға Елшіліктердің, «Kazakh Invest» ҰК, сондай-ақ Қазақстан мен Нидерландының ғылыми және іскер топтарының өкілдері қатысты.