Гаага, 2026 жылғы 10 наурыз – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Ақан Рахметуллин Еуропалық Одақтың сот ынтымақтастығы агенттігінің (Eurojust) президенті Михаэль Шмидпен кездесті. Кездесу барысында Еуроюст басшысы агенттіктің қылмыстық сот төрелігі саласында ЕО мүше мемлекеттерінің прокуратуралары мен сот органдарына, сондай-ақ олардың халықаралық әріптестеріне қолдау көрсететін негізгі үйлестіру орталығы ретіндегі жұмысын таныстырды. Агенттіктің экономикалық және қаржылық қылмыстарды, ақшаны жылыстатуды, киберқылмысты, есірткі саудасын және терроризмді қоса алғанда, трансұлттық қылмысқа қарсы күрестегі рөліне ерекше назар аударылды.