Қазақстан Елшісі Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

Гаага, 2026 жылғы 24 ақпан – Гаага қаласындағы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының (ХҚТҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшісі, Қазақстанның ХҚТҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин ХҚТҰ Бас директоры Фернандо Ариасқа сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен ХҚТҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты. Елші А. Рахметуллин Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға және жаһандық сын-қатерлерді шешудегі осы халықаралық ұйымның рөлін арттыруға, ең алдымен химиялық қаруға тыйым салу саласында, бейілділігін растады.