
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №446 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына қатысты республикалық референдум өтеді.
Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар.
Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №446 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Нидерланд Корольдігіндегі аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) consul.hague@mfa.kz электрондық мекенжайға «Республикалық референдум» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда № 446 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: + 3170 427 2220