2025 ж. 2 қыркүйек, Гаага - Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов пен Нидерланд Кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің (RVO) Халықаралық сауда жөніндегі директоры Аннемик Брустерхаузен арасындағы кездесуде екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.
Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, стратегиялық маңызды шикізат материалдары және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға екі елдің іскер топтарының қызығушылығының артып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Аталған қарқынды өзара іс-қимылдың оң қарқыны және осы жылдың соңына дейін Қазақстанға жоспарланған жаңа сапарлар мен бизнес-миссиялар растайды.
Перспективалы бағыттардың ішінде көлік дәліздерін дамыту, инфрақұрылымдық бастамаларды тоғыстыру, сондай-ақ «жасыл» және инновациялық шешімдерге қатысу атап өтілді. Бұдан бөлек, іскерлік байланыстарды кеңейту үшін Гаагада нидерландтық компаниялардың қатысуымен арнайы іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл жиында ынтымақтастықтың табысты мысалдары ұсынылатын болады.
Кездесу барысында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды әртараптандыруға және бизнестің жаңа нарықтарға шығуына қолайлы жағдай жасауға өзара мүдделілігін растады.
Нидерланд Кәсіпкерлікті дамыту агенттігі (RVO) – халықаралық сауда, инвестициялар және инновациялық дамуға жауап беретін мемлекеттік құрылым, сондай-ақ нидерландтық компаниялардың шетелдік жобаларды жүзеге асыруына жәрдемдеседі.