Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынас

ҚАЗАҚСТАН МЕН НИДЕРЛАНД АРАСЫНДАҒЫ ЕКІЖАҚТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 10 қыркүйекте орнады. Содан бері екі ел өзара сенімге, құрметке және ортақ мүдделілікке негізделген тиімді ынтымақтастықты нығайтып келеді.

Бұл қарым-қатынастардың дамуы екі ел басшылығының тұрақты саяси байланыстарынан, жыл сайын артып келе жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастықтан, мәдени-гуманитарлық байланыстардан және азаматтардың, соның ішінде жастар мен іскерлік топтардың екіжақты сапарларының өсуінен байқалады.

Сыртқы саясат саласында Қазақстан мен Нидерланд БҰҰ (2017–2018 жылдары екі ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде бірлесе жұмыс істеді), ЕҚЫҰ, ХЗХҰ және басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында белсенді әріптестік орнатқан.

Қазақстан тарапы Нидерландтың өз егемендігін нығайтуын, әлеуметтік-экономикалық дамуды ілгерілету және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі тұрақты қолдауын, сондай-ақ 2024 жылы Қазақстандағы су тасқындарының салдарын қалпына келтірудегі Корольдіктің көмегін жоғары бағалайды.

Дипломатиялық байланыстардың даму кезеңдері

Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі 1990 жылдардың ортасында Алматы қаласында ашылды.

2000 жыл: Атырауда Нидерландтың Құрметті консулдығы ашылды.

2002 жыл: Астанада Нидерланд Елшілігі ашылды.

2003 жыл: Амстердамда Қазақстанның Бас консулдығы құрылды.

2005 жыл: Бас консулдық Қазақстанның Дипломатиялық миссиясына айналдырылды.

2007 жыл: Гаага қаласында Қазақстан Елшілігі ретінде қайта құрылды.

Екі елде де Құрметті консулдар аккредиттелген.

Қазіргі Елшілер

Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі: Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов (Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі Жарлығымен тағайындалған; Сенім грамоталарды Корольге 2024 жылғы 6 қарашада тапсырған).

Нидерландтың Қазақстандағы елшісі: Нико Схермерс (2023 жылғы 6 қазаннан бастап).

Жоғары деңгейдегі байланыстар

Қазақстан Президенті 1990 жылдары Нидерландқа бірнеше рет барып, 2002 жылы ресми сапар ұйымдастырылды, сондай-ақ 2014 жылы Гаагада өткен Ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысты. 2023 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нидерланд Премьер-министрі Марк Рютте телефон арқылы сөйлесті.

2019 жылы Қазақстан Премьер-министрінің Нидерландқа алғашқы сапары өтті; Нидерланд Премьер-министрі Қазақстанға үш рет келді (2010, 2015, 2024 жылдары). Сондай-ақ, екі ел басшылары халықаралық форумдар аясында бірнеше рет кездесті.

Сыртқы істер министрліктері деңгейіндегі байланыстар

Қазақстан мен Нидерланд Сыртқы істер министрлері Гаага мен Астанаға ресми сапарлар екі рет орын алды (2009 жылдың маусымы мен 2014 жылдың ақпаны). Олар ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінде, БҰҰ Бас Ассамблеясында, Қарусыздану конференциясында және басқа да халықаралық алаңдарда тұрақты түрде кездесіп тұрады. Мысалы, 2024 жылдың сәуірінде Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Нидерланд Сыртқы істер министрі Ханна Бруйнс Слот телефон арқылы сөйлесті.

Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан делегацияларының Нидерландқа сапарлары:

2010 жылдың қарашасында Қазақстан Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы;

2015 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын насихаттау жөніндегі арнайы өкілі Қ.Жақыпов;

2019 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нидерланд Сенатының Президентімен және Нидерланд Парламенті Өкілдер палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасымен кездесті;

2024 жылы Қазақстан Парламенті депутаттары заңнамалық тәжірибе алмасу үшін Нидерландқа барды.

Нидерланд делегацияларының Қазақстанға сапарлары:

2012 жылдың қыркүйегінде Нидерланд Парламенті Сенатының Президенті Рене ван дер Линден.

Екі елдің депутаттары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының тұрақты отырыстарына қатысады.

2024 жылдың сәуірінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясы, Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Фара Карими (Нидерландтар сенаторы) басқаруымен, Қазақстанға елдің тәжірибесімен тереңірек танысу және климаттың өзгеруі, су ресурстарын басқару, таза энергияға қолжетімділікті кеңейту, гендерлік мәселелер және парламентаризмді нығайту салаларында ынтымақтастықты арттыру мақсатында сапар жасады.

САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан мен Нидерланд 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрақты және өзара тиімді экономикалық серіктестікті сақтап келеді. Бұл серіктестік үш онжылдық бойы дамып, сауда және инвестиция салаларындағы екіжақты қарым-қатынастар тұрақты өсуімен ерекшеленіп келеді. Бұл Қазақстан мен Нидерланд арасындағы өзара байланыстың стратегиялық маңыздылығын дәлелдейді.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары

Қазақстан мен Нидерланд энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жоғары технологиялар сияқты негізгі салаларда тығыз ынтымақтастық орнатқан. Нидерланд Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвестор болып табылады, сонымен қатар экономикамызды әртараптандыруға ықпал ететін маңызды сауда серіктесі.

"Нидерланд – Қазақстан" іскерлік кеңесі

Екіжақты байланысты нығайтуға арналған басты құралдардың бірі – "Нидерланд – Қазақстан" іскерлік кеңесі. Бұл кеңес екі елдің жетекші іскер топтарының өкілдерін біріктіріп, серіктестікті тереңдету және ірі жобаларды іске асыру бағытында маңызды қадамдар жасауда. Кеңестің соңғы отырыстары 2024 жылғы қазанда Астанада және 2025 жылғы қаңтарда Гаагада өтті.

Сауда-экономикалық көрсеткіштер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері бойынша, 2024 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан мен Нидерланд арасындағы екіжақты тауар айналымы 5,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға жоғары (4,1 млрд АҚШ доллары).

2024 жылдың қаңтар-қараша аралығында Қазақстаннан Нидерландқа экспорт көлемі 4,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өскен.

Ал Нидерландтан Қазақстанға импорт көлемі 400 млн АҚШ долларына жетті.

Қазақстанның экспортындағы негізгі тауарлар: мұнай, мұнай өнімдері, ферроқорытпалар, титан және титан қорытпаларынан жасалған өнімдер. Қазақстан өз кезегінде, Нидерландтан дәрілік заттар, машиналар мен жабдықтар, медицина және ветеринарияда қолданылатын жоғары технологиялық құралдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін (гүлдерді қоса алғанда) импорттайды.

Тікелей шетелдік инвестициялар

Нидерланд Корольдігі Қазақстанның ең ірі инвестор болып қала береді. Пандемия мен қазіргі геосаяси жағдайға қарамастан, Нидерланд жаһандық нарықтағы инвестициялық белсенділігін төмендетпестен, Қазақстан экономикасына салынған инвестициялары бойынша көшбасшы орыннан айырылған жоқ.

2005 жылдан 2024 жылдың екінші тоқсанына дейінгі аралықта Нидерландтан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 124 млрд АҚШ долларына жетті. Ал Қазақстаннан Нидерландқа бағытталған инвестициялар осы кезеңде 42 млрд АҚШ долларын құрады.

Келешегі мен одан әрі даму бағыттары

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету екі ел үкіметтері үшін стратегиялық басымдық болып қала бермек. Бұл бағытта 2024 жылы Нидерланд Премьер-министрінің Астанаға жасаған жұмыс сапары кезінде жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдер маңызды рөл атқарады.

Алдағы уақытта "жасыл" энергетика, ауыл шаруашылығындағы инновациялар және экономикадағы жоғары технологияларды енгізу сияқты салаларда жаңа бірлескен жобаларға ерекше көңіл бөлінбек.

Білім беру

Білім беру екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан елшілігі мен отандық университеттер Вагенинген университеті, Амстердам университеті, Амстердам еркін университеті және Твенте университетімен тығыз байланыс орнатты.

2024 жылы Эразмус университетінің медициналық орталығымен жасалған келісімдер ерекше назарға ие болды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының докторанттарына арналған арнайы білім беру бағдарламасы әзірленді. Сонымен қатар, органдарды трансплантациялау саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру үшін еліміздің медициналық университеттерімен бес бірдей келісім жасалды.

2024 жылғы 10 мамырда "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығымен келесі жылдары докторантура бағдарламасы бойынша 100 стипендиатты даярлау туралы келісімге қол қойылды.

 МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан мен Нидерланд Корольдігі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қарқынды түрде дамытып, бір-бірінің бай мәдени дәстүрлерін мойындап, жоғары бағалайды. Бұл ынтымақтастық екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтатын маңызды факторға айналды. Мәдени алмасу, бірлескен білім беру бастамалары, өнер, туризм және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалар ортақ шығармашылыққа және рухани өзара байытуға ықпал ететін алаңдар қалыптастырады. Соңғы жылдары екі жақтан да туристер ағынының едәуір өсуі байқалды. Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық көрмелерде, дөңгелек үстелдерде және басқа да іс-шараларда белсенді түрде насихаттау тиісті нәтижелерін беруде.

 Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары

Екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық өнер, білім беру, туризм, экологиялық бастамалар және мәдени мұраны сақтау сияқты көптеген салаларды қамтиды. Қазақстан мен Нидерланд мәдени диалог пен бірлескен жобаларды кеңейту жұмыстарын жалғастырып, екі елдің бірегей мәдени мұрасын дамыту мен қорғауға ықпал етіп келеді.

2024 жылғы негізгі оқиғалар

Сәуір: Гаагадағы Diligentia театрында Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында нео-фольклорлық музыка ансамблі «Сармадтың» қатысуымен қайырымдылық кеш өтті.

Мамыр: - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы Амстердам еркін университетіне сапары барысында білім беру, әлеуметтану, тұрақты даму және инклюзивті білім беру салаларындағы перспективалық жобалар талқыланды.

- Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттенің Қазақстанға жасаған жұмыс сапары аясында Астанада 2015 жылы Роттердамда ашылған «Астана» алаңымен паритетті негізде құрылған «Амстердам» алаңы салтанатты түрде ашылды.

Маусым: Гаагадағы Haagse Bos орталық саябағында екі елдің қарым-қатынасының 30 жылдығына арналған символикалық орындық ашылды. Бұл оқиға 2023 жылы Астанадағы қызғалдақ ескерткішінің ашылуынан бастау алған дәстүрдің жалғасы болды.

Қыркүйек:

- Қазақстан елшілігі Гаагада ұйымдастырылған ең ірі дипломатиялық мәдени шаралардың бірі — Embassy Festival (Елшіліктер фестиваліне) қатысты.

Нидерланд командасы Астанада өткен Көшпенділердің V Дүниежүзілік ойындарына қатысты.

- Гаагадағы Luxury International Art көрмесінің ашылуында «Aspara» қазақстандық бренді ұсынған заманауи әйелдер киімінің нео-фольклорлық стилдегі капсулалық топтамасы таныстырылды.

- Белгілі қазақ домбырашысы Айтолқын Тоқтағанның Еуропалық турнесі аясында Амстердамда концерті өтті, туры 2024 жылдың қыркүйек айының соңына дейін Нидерландтың әртүрлі қалаларында жалғасты.

- «Іле-Балқаш» қорығының туран жолбарысы мен фаунасын қалпына келтіру бағдарламасы аясында Нидерландтағы Stichting Leeuw жыртқыштарды қорғау орталығынан Қазақстанға екі жолбарыс жеткізілді.

Келешегі мен одан әрі даму бағыттары

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық болашақта өнер, білім, экология және туризм салаларындағы жаңа жобалар арқылы дами береді. Бұл екі ел халықтары арасындағы байланыстарды нығайтып, мәдени дәстүрлерді сақтауға ықпал етеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Екіжақты қарым-қатынас
Медиагалерея
2
ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Гаагада дауыс берді
3
Гаага, 2020 жылғы 2 желтоқсан - Қазақстан Елшісі Асқар Жұмағалиев Нидерланд Королі Виллем-Александрға салтанатты түрде сенім грамоталарын тапсырды
События
03 октября
Kazakhstan Energy Week - 2023/ XV KazEnergy Еуразиялық Форумы
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы