
2026 ж. 3 шілдеде Гуанчжоу қаласында Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы бас консулы У. Сәрсембековтың «Guangdong Architectural Design & Research Institute Group Co., Ltd.» компаниясының партия комитетінің хатшысы, директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас директоры Ли Вэймен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар сәулеттік жобалау, қала құрылысы және заманауи қалалық инфрақұрылым салаларындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады.
Қытай тарапы аумақтарды кешенді игеру, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жобалау, сондай-ақ ірі халықаралық жобаларды іске асыру бағытындағы озық тәжірибесі мен әлеуетін таныстырды.
У.Сәрсембеков институт басшылығын Қазақстанның қалалық инфрақұрылымды дамытудағы басым бағыттарымен таныстырып, «Alatau City» жобасына және Қазақстан Республикасының «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңының күшіне енуіне ерекше назар аударды.
Қазақстанның ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жетекші халықаралық сәулет және инженерлік компанияларды тартуға мүдделі екені атап өтілді.
Ли Вэй «Alatau City» жобасының әлеуетін жоғары бағалап, институттың сәулеттік тұжырымдамаларды әзірлеуге, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын жобалауға қатысуға қызығушылық танытатынын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын қолдау, өзара сапарлар ұйымдастыру және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындауға уағдаласты.
Анықтама: «Guangdong Architectural Design & Research Institute GroupCo., Ltd.» 1952 ж. құрылған Қытайдың жетекші мемлекеттік жобалау институттарының бірі. Институт Гуанчжоу қаласындағы Байюнь халықаралық әуежайын, метрополитен, жоғары жылдамдықты теміржол, университеттер, ауруханалар және басқа да қалалық инфрақұрылым нысандарын жобалауға қатысқан. Компанияның шетелде ірі жобаларды іске асыруда елеулі тәжірибесі бар.