Қазақстан мен Гуанчжоу өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Гуанчжоу өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуде
2026 ж. 2 шілдеде Гуанчжоу қаласында Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы бас консулы У.Сәрсембековтің Гуанчжоу қаласы Халық үкіметінің Сыртқы істер жөніндегі кеңсесінің басшысы Ян Юнмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ян Юн Гуанчжоудың экономикалық, инвестициялық, көлік логистикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени әлеуеті туралы жан-жақты ақпарат беріп, қаланың Қытайдың жетекші экономикалық әрі инновациялық орталықтарының бірі, сондай-ақ Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы өңірінің маңызды көлік-логистикалық торабы ретіндегі рөлін атап өтті.
Тараптар сауда, өнеркәсіптік кооперация, жоғары технологиялар, жасанды интеллект, логистика, ауыл шаруашылығы, білім беру, туризм және гуманитарлық байланыстар салаларындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады.
Қытай тарапы екіжақты байланыстардың оң серпінін, азаматтардың өзара сапарлары санының артуын және Қазақстан мен Гуанчжоу арасындағы тікелей әуе қатынасының дамуын жоғары бағалады.
У.Сәрсембеков Бас консулдықтың Қазақстан, Гуандун провинциясы және Гуанчжоу қаласы арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін растады. Атап айтқанда, ресми және іскерлік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру, жетекші кәсіпорындармен, жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыстарды жандандыру, сондай-ақ сауда-
экономикалық, инвестициялық, инновациялық және мәдени-гуманитарлық салаларда бірлескен жобаларды іске асыру ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растап, бірлескен бастамаларды іске асыру бағытындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
 
Анықтама: Гуанчжоу қаласы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі – қалалық әкімшіліктің халықаралық байланыстарды, ресми сыртқы қатынастарды, шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіретін, сондай-ақ қаланың сыртқы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын қамтамасыз ететін уәкілетті сыртқы саяси органы.