
2026 жылғы 20 сәуір, Гуанчжоу қ. – Қазақстан Республикасының Гуанчжоудағы Бас консулы Уалихан Сәрсембеков Гуандун өлкесі Халық үкіметі Сыртқы істер канцеляриясының Шетелдік мекемелерге қызмет көрсету басқармасының басшысы Чэнь Гуанъюймен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Бас консулдықтың қызметін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ Гуандун өлкесінің құзыретті органдарымен шетелдік мекемелердің қызметін жүзеге асырудың практикалық аспектілері бойынша өзара іс-қимылды, оның ішінде олардың тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мәселелерін талқылады.
ҚХР-да шетелдік дипломатиялық және консулдық мекемелерде ҚХР азаматтары қатарынан қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мәселелерін реттейтін заңнаманың жаңа талаптары бойынша түсіндірме берілді.
Сондай-ақ, Гуандун өлкесі аумағында мамандандырылған визалық орталықтарды тарту мүмкіндігін қоса алғанда, визалық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға өзара мүдделілігін растады.