Қазақстан мен Гуандун өлкесі практикалық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Гуандун өлкесі практикалық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

Гуанчжоу қ., 2026 жылғы 8 сәуір – Қазақстан Республикасының Гуанчжоудағы Бас консулы Уалихан Сәрсембеков Гуандун өлкесінің импорттаушылар мен экспорттаушылар сауда палатасының төрағасы У Шаовэймен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан өңірлері мен Гуандун өлкесі арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық, сондай-ақ туристік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Өңіраралық өзара іс-қимылдың айтарлықтай әлеуеті бар екендігі атап өтіліп, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық білдірілді.
У.Сәрсембеков Қазақстандағы инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы, оның ішінде салықтық және кедендік преференциялар жөнінде өзекті мәліметтерді ұсынды, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика, логистика, цифрлық технологиялар және «жасыл» экономика секілді ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі.
Іскерлік топтар арасында тікелей байланыстар орнату, B2B форматындағы кездесулер өткізу, бизнес-миссиялар мен инвестициялық таныстырылымдарды ұйымдастыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Тараптар Гуанчжоу қаласында қазақстандық компаниялардың қатысуымен тақырыптық сауда-экономикалық іс-шара өткізуге өзара қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында Гуанчжоу қаласында өтетін 139-шы Кантон жәрмеңкесіне қазақстандық делегациялардың қатысуы, сондай-ақ туризм және мәдени алмасулар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және бірлескен бастамаларды пысықтау жөнінде тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді.