Қазақстан Республикасының Гуанчжоудағы Бас консулдығында Фошань қаласының делегациясымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Гуанчжоудағы Бас консулдығында Фошань қаласының делегациясымен кездесу өтті

Гуанчжоу, 2026 жылғы 3 сәуір – Қазақстан Республикасының Гуанчжоудағы Бас консулы Уалихан Сәрсембеков Фошань қаласының Сыртқы істер жөніндегі кеңсесінің басшысы У Хуэйинмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Гуандун өлкесiның жетекші өнеркәсіп орталықтарының бірі саналатын Фошань қаласы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Уалихан Сәрсембеков Фошань қаласының жоғары өнеркәсіптік әлеуетін, дамыған өндірістік базасын және инновациялық технологияларды белсенді енгізу деңгейін атап өтті. Өнеркәсіптік кооперация, өндірісті жергіліктендіру және инвестициялар тарту бағыттарын қоса алғанда, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылық білдірілді.
Тараптар тұрмыстық техника өндірісі, құрылыс материалдары өндірісі, машина жасау саласы, сондай-ақ автоматтандыру, робототехника және интеллектуалды өндіріс салаларындағы заманауи шешімдерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударды.
Сонымен қатар тараптар «жасыл» технологиялар саласындағы, оның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу, су тазарту және энергия тиімділігін арттыру бағыттарындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалана отырып сауда-логистикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.
Туризмді дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жеке блок ретінде қаралды. Туристік алмасуларды кеңейту, бірлескен мәдени іс-шараларды өткізу және екі ел халықтары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Осы тұрғыда Қазақстан мен Қытайдың мәдениет саласындағы өзара жылы екіжақты байланыстарды одан әрі жақындастыру мен тереңдетудің маңызды факторы ретінде бағаланды.
Сонымен қатар тараптар Фошань қаласында жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін талқылады және жергілікті құзыретті органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі пысықтауға келісті.
Кездесу қорытындысы бойынша У Хуэйин сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірді.