
2026 жылғы 28 ақпан - 1 наурыз аралығында Гуанчжоу қаласында Қазақстан мен Қытай мәдениетінің «Тоғыспалы жылы» қарсаңында «Silk Road Planet» Қазақстан - Қытай музыкалық фестивалі өтті.
Іс-шара Nansha Music Show алаңында ұйымдастырылып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды нығайтуға, мәдени байланыстарды дамытуға, шығармашылық алмасуды кеңейтуге және Қазақстан мен Қытайдың мәдени индустрия өкілдері арасында тікелей байланыстар орнатуға бағытталған маңызды оқиғаға айналды.
Фестивальді ұйымдастыруға Наньша ауданының құрылымдары, атап айтқанда «Guangzhou Nansha Asset Operation Group» және «Guangzhou Nansha Culture & Sports Investment Co., Ltd.» қолдау көрсетті.
Концерттік бағдарламаға Қазақстан мен Қытайдың танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары қатысты. Қазақстан тарапынан ULYTAU, Ali Okapov, Dastan, КешYOU, Yenlik, Ademi, ILIGAI, Baller, Qanay, Alpha сынды музыкалық ұжымдар мен әртістер өнер көрсетті. Қытай тарапын заманауи эстрадалық сахнаның танымал орындаушылары мен музыкалық топтары таныстырды.
Фестиваль дәстүрлі және заманауи музыканың элементтерін үйлестіре отырып, екі елдің бай мәдени мұрасын және креативтік әлеуетін айқын көрсетті.