ХАБАРЛАНДЫРУ !
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығы 2025 жылғы 23–27 маусым аралығында шетелдегі қазақ жастарына арналған XXII Халықаралық «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» олимпиадасын (Павлодар облысында) өткізеді.
Бұл іс-шара қазақ тілі мен мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікті ұлықтап, елден жырақта жүрген жас ұрпақтың туған жермен байланысын тереңдетуге бағытталған.
Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мекен- жайы:
010011 Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел 8/2, тел. +7 (7172) 57-65-63, e-mail:info@daryn.kz;
Олимпиаданың ережесі және шарттары туралы толық ақпаратты www.daryn.kz сайтынан алуға болады.