Горганда Наурызнама онкүндігі атап өтті

Горганда Наурызнама онкүндігі атап өтті

Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығында Иранда тұратын қазақ диаспорасы мен бұрынғы отандастар, жергілікті БАҚ пен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Наурызнама онкүндігі атап өтілді.

Оған келген қонақтар Қазақстанда Ұлыстың ұлы күнін қарсы алуға арналған Наурызнама онкүндігі туралы бастама және оның аясындағы іс-шара туралы хабардар етілді. Сондай-ақ, халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрімен таныстырылды және осы күнге арнап жасалатын ұлттық тағамдарың дәмін татты.