"Ақ сиса" Жаяу Мұсаның 190 жылдығына орай қазақ әндері байқауы

"Ақ сиса" Жаяу Мұсаның 190 жылдығына орай қазақ әндері байқауы

Байқауға 12-17 жас аралығындағы шетелде тұратын этникалық қазақ балалар қатыса алады;

Байқауға кез-келген қазақ әндерін орындауға болады.

Қатысушы жеке өнер көрсетуі тиіс;

Қатысушы бейнежазбасын жібере отырып Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде жариялануына келісім береді;

Бейнежазба ұзақтығы 1-5 минут аралығында болуы қажет;

Бейнежазбаның сапасы жоғары, дауыстың анық естілуі міндетті;

Қатысушы жанды дауыста өнер көрсетуі керек;

Киім үлгісінде қазақы элементтер болуы тиіс;

Байқауға қатысу үшін oqbaiqau@gmail.com эл-поштаға немесе +77471783938 telegram номеріне 1 сәуір 2025 жылға дейін ән айтқан бейнежазбамен қоса келесі ақпаратты жіберуі тиіс:

Толық аты-жөні,байланыс нөмірі, мемлекеті, туған жыл, ай, күні.

        Байқаудың бас төрешісі «Qazaqstan дауысы» мегажобасының жеңімпазы - Мұса Марат.

Үздік 10 қатысушыға «Жас қазақ - 2025» жазғы этно лагеріне 
жолдама беріледі. 

Жолдама қатысушылардың 2 апта лагерьде білім алуын, жатын орнын, тамақтануын және әртүрлі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді. Лагерьге келу және қайту жол қаражаты қатысушының  өз есебінен төленеді.

ЕСКЕРТУ: Отандастар Қоры 2019-2024 жылдары ұйымдастырған “Жас Қазақ” лагеріне қатысқан қатысушылар байқауға қатыса алмайды.