«Әлқисса» онлайн домбыра байқауы туралы

«Әлқисса» онлайн домбыра байқауы туралы

«Әлқисса» онлайн домбыра байқауы туралы

 

«Отандастар қоры» Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясымен бірлесе Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай шетелде тұратын этникалық қазақтарға арналған халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауын жариялады.

Байқау туралы ақпарат пен оған қатысу шарттары төменде:

 

Қатысу мерзімі:

  • Өтінім қабылдау: 1 ақпан – 20 наурыз 2025ж.
  • Қазылар алқасының қарауы: 21 – 26 наурыз
  • Жеңімпаздарды марапаттау: 1 сәуір, Астана қ.

 

Қатысу шарттары:

  • Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас
  • Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау
  • Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын төл құжатын жолдайды
  • Өтінімдер Oqbaiqau@gmail.com немесе +77471783938 (Telegram) арқылы қабылданады.

 

Бейнежазбаға қойылатын талаптар:

  • Ұзақтығы 1 минуттан кем емес, 5 минуттан көп емес
  • Күй басталмас бұрын:
    • Амандасу
    • Аты-жөні, жасы және тұратын елі туралы айту
    • Орындайтын күйінің атын айтуы қажет
  • Бейне мен дыбыс сапасы жақсы болуы тиіс
  • Киім үлгісі: қазақша
  • Қатысушы өз бейнежазбасының әлеуметтік желілерде жариялануына келісім береді.

 

Орындауға болатын күйлер:

«Алтын дән», «Ата толғауы», «Аңсау», «Темірбектің төкпесі», «Әлқисса», «Баламишка», «Аққу», «Көңілді бикеш», «Теріс қақпай», «Арман» және Н. Тілендиевтің нұсқасындағы халық күйі «Ақсақ құлан».

 

Сыйлықтар:

18-25 жас санаты:

  • Гран-при: 400 000 теңге, Домбыра, Кітап
  • 1-орын: 250 000 теңге, Домбыра, Кітап
  • 2-орын: 100 000 теңге, Домбыра, Кітап, Шапан
  • 3-орын: Домбыра, Кітап, Тоғызқұмалақ

12-17 жас санаты:

  • Гран-при: Ноутбук
  • 1-орын: Планшет
  • 2-орын: Смартсағат

 

Үздік 10 қатысушыға «Жас қазақ» этно лагеріне тегін жолдама

Ереженің толық нұсқасы: https://oq.gov.kz/ және jambyl-philharmonic.kz