Қазақ тілін тегін үйретудің 2025 жылғы онлайн курстары туралы

Қазақ тілін тегін үйретудің 2025 жылғы онлайн курстары туралы

Құрметті қандастар !

Отандастар қоры қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2025 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!

Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:

Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;

Жас ерекшелігі маңызды емес;

Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;

Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;

Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.

Толығырақ оқу үшін суретті жылжытыңыз немесе oq.gov.kz сайтына өтіңіз.

 

Онлайн тегін қазақ тілі курсына тіркелу ашық https://oq.gov.kz/news/1220
Курсқа қатысты қосымша сұрақтар туындаса, + 7 708 923 41 64 нөмеріне хабарласуға болады.