Қазақстандағы пневмония туралы

Қазақстандағы пневмония туралы

Қытайдыңкейбірақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда өлімге көптеп әкелетін белгісіз пневмония жағдайлары белгілі болғандығы туралы айтылған.

            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп ресми түрде мәлімдеді.

            ДДҰ пневмонияның кодтарын Халықаралық аурулар классификациясына енгізді - ICD 10, CVI диагнозы клиникалық немесе эпидемиологиялық, мысалы, өкпені зақымддайтын «аязды шыны» симптомы енгізілген, бірақ бұл зертханалық тұрғыда расталмаған.

            Осыған байланысты Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, пневмонияның түрін есепке алуды және бақылауды жүргізеді, бұл коронавирустық инфекцияның таралуы мен жайылуын тұрақтандыруға бағытталған уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

            2020 ж. 9 шілдеде брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Цой жалпы пневмонияның саны туралы айтты: бактериялық, саңырауқұлақ, вирустық шығу тегі, оның ішінде ICD-10 «вирустық пневмония, анықталмаған этиологияның» жіктелуіне сәйкес түсіндірме жасады.

            Осылайша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қытай БАҚ-тарының хабарламалары ақиқатқа сәйкес келмейтіндігін атап көрсетті.