Bilimland.kz платформасы туралы

Bilimland.kz платформасы туралы

Отандастар қоры Қазақстандағы ЖОО-на түскісі келетін және әрқашан өз білімін жетілдіруді қалайтын балалар мен оқушыларды Bilimland.kz платформасына жазылуға шақырады!

Бұл платформа мектеп бағдарламасына сәйкес әзірленген интерактивті сабақтар мен факультативтерді ұсынады.

Bilimland.kz арқылы сіздер:

  • Әртүрлі пәндер бойынша қызықты және интерактивті сабақтарды оқып-үйренесіздер;
  • ХХІ ғасыр дағдыларын дамытатын арнайы курстардан өтесіздер;
  • Мектепте алған теориялық білімді іс жүзінде қолдануға арналған қосымша ресурстарға қол жеткізесіздер.

Bilimland оқу жүйесі өзіндік оқуға арналған 5 түрлі сайттан тұрады. Олар:

bilimland.kz,

itest.kz,

twig-bilim.kz,

imektep.kz,

onlinemektep.org.

Отандастар қоры өз тарапынан оқушыларға осы сайттардың барлығына тегін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

 

Осы сайттарға тіркеу үшін мына сілтеме арқылы өту https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe0UT8E_q1r0p6oUOZKUeOaXenkY5AtZ232kkUf4QsfB0suLw/viewform және google форманы толтыруыңыз қажет.

Білім алуды жаңа деңгейге көтеріп, жетістіктерге жету үшін Bilimland.kz  қосылыңыздар!