Qazalem.kz порталының шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру SOS батырма модулі іске қосылды

Qazalem.kz порталының шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру SOS батырма модулі іске қосылды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 82-тармағына сәйкес 2023 жылдың 17 сәуірінде Qazalem интернет-сервисі (Qazalem порталы) құрылды. «Отандастар қоры» КЕАҚ жоба операторы ретінде бекітілді.

Qazalem порталы – Қазақстаннан тыс жерде тұратын отандастарымыздың басын қосып, оларға сервистік қызмет ұсынатын, сондай-ақ елде болып жатқан жаңалықтармен қамтамасыз ететін бірегей интернет-сервис.

Қазіргі уақытта Qazalem.kz веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру үшін SOS батырма модулі толықтай іске қосылды.

Құрметті отандастар!

Егер Сіз шетелде төтенше жағдайға тап болып, шұғыл көмекке мұқтаж болсаңыз, https://qazalem.kz/kk/help сілтемесі бойынша қолжетімді сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Өзіңіз тұрған елдегі Қазақстанның консулдық мекемесі Сізбен жедел байланысқа шығады.

«Qazalem.kz» порталындағы SOS батырмасының қызметін пайдалану тәртібін түсіндіретін видеоматериал келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Instagram: https://www.instagram.com/qazalem.kz/ 

Facebook: https://www.facebook.com/qazalem.kz