
Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығында Иран Ислам Республикасының Гүлстан облысында тұратын қазақтардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде еліміздегі конституциялық реформалар талқыланды.
Басқосуда отандастар Қазақстанда маңызды реформалар жүргізіліп жатқаны және осы мақсатта ү.ж. 15 наурызда Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша референдум өтетін туралы хабардар етілді. Осы ретте, конституциялық реформа билік институттарын нығайту, басқару тиімділігін арттыру, еліміздің тұрақты әрі қарқынды дамуы және халқымыздың құқықтары мен мүддесі қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылда. Бұл реформалар аясында заң шығарушы органда күрделі өзгеріс болатыны, билік жүйесі өкілдерін тағайындау, адам құқығы, экология және басқа да өзекті мәселелер қамтылғаны атап өтілді.
Диаспора белсенділері Иранда тұратын қазақтар Атажұртта болып жатқан жақсы бастамаларды қолдайтындарын және оларға қуанатындарын мәлімдеді. Сондықтан, заман талабына сәйкес Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістер халыққа қолайлы болатынына және олардан қолдау табатынына сенім білдірді.