Абайдың мұрасы – халқымыздың сарқылмас рухани байлығы, адамгершілікке, білімге, әділдік пен парасаттылыққа үндейтін мәңгілік құндылық. Оның ой-толғамдары бүгін де өзектілігін жоймай, ұрпақтарды бірлікке шақырып, игі істерге жетелейді.
Қазақстандық дипломаттар Абай шығармашылығын бүкіл адамзатқа ортақ мұра ретінде кеңінен насихаттап, оның өнегелі жолын халықаралық аренада танытуда.