Астанада Қазақстан мен Иран арасында аграрлық саладағы екіжақты кооперацияның дамуы талқыланды

Астанада Қазақстан мен Иран арасында аграрлық саладағы екіжақты кооперацияның дамуы талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астана қаласына Қазақстан мен Иран арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы ретінде келген Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы джихады министрі Голамреза Нури Гезельджемен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен келешегін, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан СІМ басшысы бұл кездесуді жақында Тегеранға жасаған сапары аясында басталған мазмұнды диалогтың жалғасы ретінде бағалап, екіжақты серіктестіктің зор әлеуетін атап өтті және Қазақстанның Иранмен экономикалық және инфрақұрылымдық байланыстарды кеңейтуге дайын екенін жеткізді.