Женева, 2025 жылғы 3-4 сәуір - Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі дәстүрлі көктем мерекесі – Наурызды Қазақстанның бай мәдени мұрасын көрсететін екі арнайы іс-шарамен атап өтті.
2025 ж. 3 сәуірде Тұрақты өкілдік Ауғанстан, Үндістан, Иран, Ирақ, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанмен бірлесіп ұйымдастырылған салтанатты ресми қабылдауға қосылды. Женевада өткен бұл жарқын мерекені 1500-ден астам қонақ, оның ішінде халықаралық ұйымдардың басшылары, дипломатиялық корпус пен Халықаралық Женева өкілдері, сондай-ақ қалада тұратын Қазақстан азаматтары қарсы алды. Қонақтарға Орталық Азияның қонақжайлылығының әртүрлілігі мен жылуын көрсететін дәстүрлі ұлттық тағамдары ұсынылды.
Мерекелік іс-шаралар 2025 ж. 4 сәуірде Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің ғимаратында жалғасты, онда құрметті қонақтар, оның ішінде Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валовая, Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбо, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары халықаралық федерациясының Бас хатшысы Джаган Чапагейн, басқа да халықаралық ұйымдардың басшылары, Женевадағы Қазақстан азаматтары мен достары жиналды. Өз сөзінде Қазақстанның Тұрақты өкілі, Елші Ерлан Әлімбаев жиналғандарды құттықтап, Наурызды бейнелейтін жаңару мен бірлік рухын атап өтті.
Қонақтар Ақтөбе облысы кәсіби ұжымдарының, оның ішінде Дәурен Ғылымовтың жетекшілігімен «Достық сазы» ансамблінің, сондай-ақ «Аққу» ансамблінің әншілері мен бишілерінің өнерін тамашалап, жылы қабылдады. Іс-шара соңында жиналғандарға қазақ ұлттық тағамдары ұсынылып, еліміздің басқа бай мұрасымен танысуға мүмкіндік берілді.
Екі іс-шара Қазақстанның халықаралық аренада өзінің бай мәдени мұрасын ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.