Женева қауымдастығы Наурыз мерекесін атап өтті

Женева қауымдастығы Наурыз мерекесін атап өтті

Женева, 2024 жылғы 11 сәуір – Қазақстанның Женевадағы Тұрақты өкілдігі Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Ирак, Қырғыз Республикасы, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Үндістан және Өзбекстанмен бірге Наурыз мейрамын мерекелеу жөніндегі бірлескен іс-шараға қатысты.

Мерекеге халықаралық ұйымдардың басшыларын, дипломатиялық корпус пен халықаралық Женева өкілдерін, сондай-ақ Женевада тұратын Қазақстан азаматтарын қоса алғанда, мыңнан астам қонақ қатысты.

Іс-шара бүкіл әлемдегі халықтарды біріктіретін ортақ құндылықтар мен дәстүрлерге баса назар аудара отырып, мәдени бірлік пен әртүрлілікті көрсетті. Қазақстанның Тұрақты өкілдігі осы мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық қоғамдастыққа еліміздің бай мәдени мұрасы мен дәстүрлі тағамдарын ұсынды.

Бірлескен қабылдау елдер арасындағы мәдени алмасу мен өзара түсіністікке жәрдемдесудің маңыздылығын тағы да паш етті. Бұл іс-шараға Тұрақты өкілдіктің қатысуы еліміздің халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастығын нығайтуға және Қазақстан халықтарының мәдениетін ілгерілетуге деген ұмтылысын көрсетті.