Женевадағы Ұлттар сарайында қазақ ұлттық өнер туындылары таныстырылды

Женевадағы Ұлттар сарайында қазақ ұлттық өнер туындылары таныстырылды

Женева, 2023 ж. 7 қараша – Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесінде бірегей іс-шара - қазақ дәстүрлі күміс әшекейлерінің көрсетілімі өтті.

Қазақстанның Тұрақты өкілдігі БҰҰ Әйелдер гильдиясының (UNWG) қолдауымен ұйымдастырған таныстырылымға жүзге жуық қонақтар - Женевадағы дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар басшыларының жұбайлары мен әйел дипломаттар қатысты.

Кездесуді UNWG Президенті Айкуна Танати және Қазақстанның Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаев ашты.

Елшінің жұбайы Ақтоты Көксегенова жиналғандар алдында қазақ зергерлік бұйымдарының бай тарихы туралы, атап айтқанда, ежелгі дәуірден бастап ХХІ ғасырға дейінгі күміс шеберлерінің қолөнері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қонақтар фотосуреттер, бейнелер және қызықты әңгімелер арқылы Қазақстанда күміс зергерлік бұйымдарды жасаудың түрлі стильдері мен әдістерімен, сондай-ақ әйелдердің оларды қалай кигені туралы танысты.

Сонымен қатар, арнайы қонақтар - зергерлік бұйымдардың дизайнері мен шебері Серік Рысбек және «Серік Рысбек» көркемөнер галереясының директоры Гүлбаршын Қазбалинова сөз сөйледі. Олар қолдан жасалған асыл тасты жүзіктер, алқа, білезіктер мен сырғалардың эксклюзивті жинағын ұсынды. Серік Рысбек бірегей әшекейлерді жасау үшін әртүрлі стильдерді және заманауи мен дәстүрлі қазақ техникаларын пайдаланады. Қатысушылардың ұсынылған зергерлік бұйымдарды үлкен ынтамен қарсы алуы Женева жұртшылығының қазақтың мәдениетіне деген қызығушылығын тағы да растады.