Алматыда ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитеті тұрақты комитетінің отырысы алғаш рет өтуде

Алматыда ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитеті тұрақты комитетінің отырысы алғаш рет өтуде

Алматы, 2023 жылғы 14-15 наурыз —Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Еуропа өңірінің 12 елінен келген мүшелері мен сарапшыларының қатысуымен ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитеті Тұрақты комитетінің кезекті отырысы Қазақстанның төрағалығымен тұңғыш рет Алматыда өтуде.

Өңірлік комитеттің тұрақты комитеті еуропалық өңірде ДДСҰ-ның басқарушы органдарының бірі болып табылады. Ол өңірлік директорға кеңес береді, Еуропалық бюросы қызметінің одан әрі даму саясатын және негізгі бағыттарын анықтайды.

Комитеттің көшпелі сессия Қазақстанның Тұрақты комитеттегі төрағалығы аясында С.Д.Асфендияров  атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында өтуде. Іс-шара барысында Өңірлік директордың есебі, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) туралы ақпарат Тұрақты комитет мүшелеріне ұсынылды. Сонымен қатар, төтенше жағдайларға ден қою, сондай-ақ ү.ж. қазан айында Астана қаласында өтетін ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясына және МСАК жөніндегі халықаралық конференцияға дайындық мәселелері талқыланды.

ҚР Үкіметі мен ДДСҰ конференцияны бірлесіп ұйымдастырды. Оған 100-ден астам елдің және халықаралық ұйымдардың денсаулық сақтау саласындағы мамандары қатысуда.

Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры Х.Клюгемен кездесуі барысында ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен, оның ішінде 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде ынтымақтастығының негізгі аспектілері талқыланды.