Женевада азаматтық қоғам өкілдерімен диалог өтті

Женевада азаматтық қоғам өкілдерімен диалог өтті

Женева, 2022 жылғы 7 қараша - Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаев Қазақстандағы соңғы саяси оқиғаларды, соның ішінде жақында қабылданған заңдарды, адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы реформаларды және алдағы президенттік сайлауды талқылау мақсатында Женевада орналасқан үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.

Қазақстандық дипломат кездесуге қатысушыларды Конституциялық сот, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Прокуратура туралы және қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заңдармен, сондай-ақ жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған тежемелер мен теңестірмелер жүйесі мен демократияландыру үдерісін нығайтуға бағытталған заңдармен таныстырды.

Тұрақты өкіл алдағы сайлау Қазақстандағы жаңа саяси дәстүрді қалыптастыратынын атап өтіп, мемлекет ашық және әділ сайлау өткізу үшін барлық жағдайды жасайтынын растады.

ҮЕҰ өкілдері ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, талқылауға белсене қатысты. Демократияландыру үдерісіне қатысты шешім оң қабылданып, реформалардың уақтылығы мен Қазақстанның өңірдегі үлгілі рөлі атап өтілді.

Қатысушылар еліміздің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылға ашықтығын құптап, адал және сындарлы диалогты қолдауға дайын екендіктерін білдірді.