Женевада әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Женевада әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Женева, 2022 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстанның Тұрақты өкілдігі Финляндия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Малайзия, Жапония делегацияларымен, сондай-ақ БҰҰ-Әйелдер құрылымы, ЮНФПА және Отбасын жоспарлаудың халықаралық федерациясымен (IPPF) бірлесіп, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 51-ші сессиясы алаңында Женевада гибридті іс-шара ұйымдастырды. Кездесу әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түпкі себептерін жоюға және құрбандарды қолдауға бағытталған.

Отырысқа Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушілік мәселелері жөніндегі БҰҰ жұмыс тобының төрағасы Мелисса Упрети, Турку университетінің профессоры Сату Лидман, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, қазақстандық құқық қорғаушы-заңгер Айман Омарова, Женевадағы ЮНФПА директоры Моника Ферро, БҰҰ-Әйелдер Женева офисінің бағдарламалық менеджері Анна Парини спикерлер ретінде, сондай-ақ IPPF-тен Эстель Вагнер модератор ретінде қатысты.

Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауда және гендерлік теңдікті ілгерілетуде прогреске қол жеткізуде табыстарды тұрақты түрде жасауда. Өз сөзінде Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаев Қазақстанның әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және құрбандарды қорғау тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің толыққанды мүшесі бола отырып, БҰҰ-ның басты құқық қорғау алаңында осы мәселені ашық түрде көтеріп, халықаралық қоғамдастықты белсенді бірлескен іс-қимылдарға шақырады.

Президент Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, еліміз үйдегі зорлық-зомбылықтың бірде-бір құрбанын назардан тыс қалдырмайды. БҰҰ адам құқықтары жөніндегі тетіктерімен және мүше-мемлекеттермен осы бағыттағы өзара іс-қимыл жалғасуда.

Іс-шара БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер мен ҮЕҰ-дан 70-тен астам қатысушыны жинап, алға жылжу жолдарын жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

Әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау мәселелері - Қазақстанның 2022-2024 жж. БҰҰ АҚК-те мүшелігі басымдықтарының бірі.