Қазақстан делегациясы Қарусыздандыру жөніндегі конференциясының қорытынды отырысында сөз сөйледі

Қазақстан делегациясы Қарусыздандыру жөніндегі конференциясының қорытынды отырысында сөз сөйледі

Женева, 2021 жылдың 10 қыркүйегі - 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова ағымдағы жылғы Қарусыздандыру жөніндегі конференциясының қорытынды отырысында сөз сөйледі. Өз сөзінде Тұрақты Өкіл Қазақстанның көпжақты дипломатияда жалпы мақсаттарға жетуіне ұстаушылығын белгіледі және осы мәнмәтінде қарусыздандыру мәселелері шартсыз және ең жоғары басымдық болу тиістігіне ерекше көніл аударды.

29 тамызда  Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін мерекелеуі туралы айтып, Ж. Айтжанова осы күн ағымдағы жылда Семей ядролық полигонының жабылғанының 30-жылдығын белгісі болғанын атап өтті. Полигонның жабылуы туралы шешім кейінгі Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың қабылдауына келтірді.

Қазақстан Республикасының өкілі Биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияның нығайту мақсатымен Биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық агенттігінің құру туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың үсынысының өзектілігіне ерекша назар аударды және делегацияларды ү.ж.  8 қыркүйекте аталған бастаманы өткен сарапшылар кездесуі барысында жемісті талқылауы туралы хабардар етті.

Сонымен-қатар, Тұрақты Өкіл қатысушыларды 8 қыркүйекте Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ кұру туралы шартына қол қоюның 15-жылдығына орай министрлік мәлімдемені  қабылдауы туралы хабарлады. Мәлімдемеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-ші сессиясының шеңберінде  Ядролық қарудан азат әлемге жету туралы жалпыға бірдей декларация қабылдауына қолдау шақыру жарияланған болатын, ядросыз аймақ қатысушылар арасында әрекеттестік кеңейтуіне қызығушылық білдіріледі, сондай-ақ әлемдің басқа өңірлерде, соның ішінде Таяу Шығыс және Корей түбегі, жаңа аймақтарды құру бойынша күш-жігерлерге қолдау көрсетіледі.

Өз сөзінің соңында Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі форумның қатысушыларын саяси ерік-жігер көрсетуіне және қарусыздандыру негізігі мәселелері бойынша пәндік жұмыс бастауына шақырды.