Қазақстан РСНВМ тобының төрағасы ретінде ЮНКТАД-пен ынтымақтастықтағы осы елдердің сауда және даму салсындағы негізгі басымдықтарын айқындады

Қазақстан РСНВМ тобының төрағасы ретінде ЮНКТАД-пен ынтымақтастықтағы осы елдердің сауда және даму салсындағы негізгі басымдықтарын айқындады

Женева, 2021 жылдың 2 қыркүйегі – Женевадағы БҰҰ-ның Бөлімшесіндегі ҚР Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова, осы жылғы қазан айының бас кезінде өтетін Сауда және даму жөніндегі БҰҰ-ның Конференциясының (ЮНКТАД) XV сессиясының қарсаңында  ұйымдастырылған, теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы елдердің (РСНВМ) Министрлік кездесуінде сөз сөйледі.

Министрлер кездесуінің басты мақсаты ЮНКТАД-XV-ке дайындықтың негізгі нәтижелерін талқылау және ЮНКТАД-XV Конференциясының соңғы құжатында сауда және даму саласындағы РСНВМ-нің негізгі басымдықтарын айқындау болды.

Елші Жанар Айтжанова Қазақстан Республикасы атынан Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының төрағасы ретінде өз сөзінде COVID-19 пандемиясының РСНВМ елдеріне індетінің салдарын жеңілдету және осы елдердің экономикасының тұрақтылығын қалпына келтіру мақсатында ЮНКТАД-тің қолдау көрсетудің маңыздылығын білдірді. Бұл ретте Ж.Айтжанова РСНВМ мен ЮНКТАД арасында ынтымақтастығың басым бағыттарын атап өтті, сонын ішінде сауданы дамыту үшін әлеуетін арттыру және әкономикалық құрылымдық өзгерістерге қол жеткізу; тұрақты инфрақұрылым мен тауарлардың, сонымен қоса пандемия жағдайында қолданылатын медициналық тауарлар мен қызметтердің үздіксіз қозғалысын жәрдем көрсету тетіктерін қамтамасыз етуді қолдау; инвестициялар тарту және экспортты диверсификациялау, сондай-ақ цифрлық трансформация.

ҚР Тұрақты Өкілі ЮНКТАД-тың "ASYCUDA" платформасы негізіндегі АСТАНА-1 жүйесін енгізу және «Бірыңғай терезе» экспорттық-импорттық және транзиттік операциялар жөніндегі жобаларды, сондай-ақ электрондық сауда бойынша Қазақстан мен ЮНКТАД-пен бірлесіп іске асырған ынтымақтастықтың табысты тәжірибесімен бөлісті.

Елші Ж.Айтжанова COVID-19 пандемиясының әлемдік экономикаға теріс әсеріне қарамастан, ҚР Үкіметінің құрылымдық реформаларды жүргізуінің және инвестициялар тарту саласында іске асырып жатқан саясатының арқасында 2020 жылы Қазақстан өтпелі экономикасы бар 17 елдің және теңізге шыға алмайтын 34 елдің арасында таза шетелдік инвестициялардың ең көп өсімін шыққанын атады.

ЮНКТАД-нің деректері бойынша бүкіл әлемде шетелдік инвестициялар жалпы көлемінің 2005 жылдан бері ең төменгі көрсеткішке дейін үштен бірге қысқарды. Осыған қарамастан, 2020 жылы Қазақстанның экономикасына 34,9%-ға тікелей шетелдік инвестиялар тартылды. Бұл өсімді өңдіуші кәсіпорындар, транспорт, телекоммуникация салалары, қаржылық қызмет, энергетика, тау кен өндірісі және басқаларының есебінен қамтамасыз етілді.

Отырыста ЮНКТАД-тың Бас хатшысының м.а. Изабель Дюран өз сөзінде сауда және даму саласындағы РСНВМ елдерінің мүдделерін алға арттыру Ұйымның жаһандық күш-жігерде алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Сонымен қатар, И.Дюран «ASYCUDA» кедендік декларациялаудың автоматтандырылған жүйесін табысты пайдаланудағы Қазақстанмен ынтымақтастықты мысалға келтірді. Аталған ЮНКТАД-нің бағдарламасы РСНВМ-нің 32 елінің 21-де жұмыс істеп, осы топқа мүше елдердің 66%-на қызмет көрсетуде. Бұл бағдарлама пандемияны тоқтата тұруда кеден органдарына жәрдем көрсетіп, негізгі тауарлар мен қызметтердің еркін айналымына кедендік рәсімдердін бейімдеп отырады. И.Дюран ЮНКТАД XV сессиясы Ұйымның таяу жылдардағы жұмыс бағдарламасын қабылдау үшін маңызды екенін атап өтті, бұл ретте алдағы Конференцияның нәтижелерінде аталған елдердің басым бағыттарын ескеру үшін РСНВМ-нің Министрлер Декларациясын қолдауға шақырды.

Жиынға Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхиин Батцэцэг, Парагвай, Боливия, Бутан, Лаос-тың және РСВНМ-нің басқа елдерің Женевадағы БҰҰ Бөлімшесі жанындағы өкілдіктердің басшылары қатысты.

Іс-шараның қортындысында COVID-19 пандемиясынан кейінгі жағдайдағы сауда мен даму саласындағы РСНВМ мүдделерін алға жылжытуға және ЮНКТАД-XV нәтижелеріне қосылған үлес болып табылатын саяси басшылық пен бағыттарды қамтамасыз ететін РСНВМ-нің Министрлер декларациясы мақұлданды.