Қазақстанның сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов ДСҰ Бас директорымен және ДСҰ-ға мүше елдердің Елшілерімен кездесті

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов  ДСҰ Бас директорымен және ДСҰ-ға мүше елдердің Елшілерімен кездесті

Женева, 2021 жылдың 2-3 қыркүйек аралығыҚазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Женеваға жұмыс сапары өтті. Кездесу барысында алдағы 12-ші Министрлік конференциясының (МК-12) ықтимал субстантивтік қорытындыларын талқылау мақсатында ДСҰ-ның Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала және ДСҰ-ға мүше негізгі мемлекеттердің Елшілерімен келіссөздер жүргізілді.

Министр Б.Сұлтанов Н.Оконджо-Ивеаламен кездесуде ұйымның өзекті күн тәртібі бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізу мақсатында осы жаһандық іс-шараның бірлескен дайындығына және негізгі басымдықтарына ерекше назар аударды.

ДСҰ жанындағы Елшілермен кездесу барысында Министр Б.Сұлтанов МК-12 төрағасы ретінде ДСҰ-ға халықаралық қоғамдастықтың ағымдағы сын-тегеуріндері мен қажеттіліктеріне сәйкес келуге мүмкіндік беретін алдағы көпжақты сауда саласындағы жаһандық іс-шараның субстантивтік қорытындыларын қамтамасыз ету мақсатында белсенді бірлескен жұмысқа шақырды.

Аталған іс-шараға Австралия, Үндістан, Жаңа Зеландия, Ресей, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты 30-дан астам елдің елшілері мен өкілдері қатысты.

ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясының күн тәртібіндегі негізгі келіссөздер бағыттары барлық елдер үшін вакциналар мен медициналық тауарларға қол жеткізуді қамтамасыз ету, балық аулау субсидиялары және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша келіссөздерде прогреске қол жеткізу мәселелері болады деп күтілуде.