Қарусыздандыру саласындағы Қазақстан Республикасының бастамалары Қауіпсіздік саясаты жөніндегі Женева орталығының директорымен талқыланды

Қарусыздандыру саласындағы Қазақстан Республикасының бастамалары Қауіпсіздік саясаты жөніндегі Женева орталығының директорымен талқыланды

Женева, 2021 жылдың 2 шілдесі – 2021 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова және Қауіпсіздік саясаты жөніндегі Женева орталығының  директоры Томас Гремингер арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап Т.Гремингерге ядролық қарусыздандыру саласындағы Қазақстанның саясаты туралы және аталған саладағы Қазақстан Республикасының тиісті бастмаларымен таныстырып, хабарлады. Сұхбаттасқа ү.ж. 31 тамызда Женева қаласында Семей сынақ полигоны жабылғанының 30 жылдығына және 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне арналған халықаралық конференцияның өткізу бойынша, сондай-ақ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық агенттігін құру бастамасы жөнінде ақпарат ұсынылды.

Қазақстандық тарап Т.Гремингерді Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем үшін Көшбасшылардың Жаһандық Альянстың мүшесі болуына шақырды.

Өз кезегінде, Т.Гремингер Қауіпсіздік саясаты жөніндегі Женева орталығының қызметі туралы, соның ішінде диалогқа жәрдемдесу саласында, Сирия бойынша БҰҰ-ның процессін қолдау, сондай-ақ  оқыту курстары ұйымдастыру жөнінде хабарлады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар арасында барлық мүддеге сәйкес келетін бағыттар жөнінде ынтымақтастықты жалғастыру бойынша, соның ішінде Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық агенттігін құру жөніндегі Президенттің бастамасын мазмұнды толтыру саласында, сонадай-ақ Женева орталығының өкілдерінің ү.ж. 31 тамызда Женева қаласында өткізуге жоспарлаған Семей сынақ полигоны жабылғанының 30 жылдығына және 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне арналған халықаралық конференциясында қатысуы бойынша уағдаластыққа жеткен болатын.