Қазақстан БҰҰ АҚК 47-ші сессиясы аясында БҰҰ арнайы баяндамашыларымен интерактивті диалогтарға қатысты

Қазақстан БҰҰ АҚК 47-ші сессиясы аясында БҰҰ арнайы баяндамашыларымен интерактивті диалогтарға қатысты

2021 жылғы 28 маусымда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 47-ші сессиясы шеңберінде Қазақстанның Тұрақты Өкілі судьялар мен адвокаттардың тәуелсіздігі туралы Арнайы баяндамашы Диего Гарсия-Саянның «Коронавирустық аурудың пандемиясы (Ковид-19), оның салдары және онымен байланысты тәуелсіз сот төрелігі үшін мәселелер» атты баяндамасын талқылау бойынша интерактивті диалогқа қатысты.

Бұл диалог шеңберінде Ковид-19 пандемиясының сот жүйелеріне әсері, олардың тәуелсіздігі және сот төрелігіне қол жеткізу мәселелері талқыланды. Осылайша, Арнайы баяндамашы Д.Гарсия-Саян өз баяндамасында пандемия кезінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде адвокаттарда туындаған қиындықтар туралы ақпаратты келтірді.

Тұрақты Өкіл өз сөзінде Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қылмыстық және сот өндірісі онлайн режимге ауыстырылғанын хабарлады. Көрсетілген кезеңде адвокаттық қызмет рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген еді, адвокаттар тергеу әрекеттеріне, қорғау құралдарын пайдалана отырып, тергеу сотындағы сот отырыстарына, сондай-ақ басқа соттардағы сот отырыстарына қашықтықтан қатысқан болатын. Көзделген кезеңде тергеу изоляторларында қорғалушылармен кездесу «Skype» байланысы арқылы жүзеге асырылды.

1 шілдеде Бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқықтары туралы мәселелері бойынша Арнайы баяндамашымен интерактивтік диалогтың шеңберінде К.Н.Вульмен «Сот әділдігіне қол жеткізу бейбіт жиындар мен ассоциация еркіндігі құқығын қорғаудың ажырағысыз элементі» атты баяндамасы талқыланды. Арнайы баяндамашы К.Н.Вуль өз баяндамасында кейбір елдердегі адвокаттардың хабарлауы бойынша алдын ала қамауға алу болжамды ұйымдастырушылардың немесе көшбасшылардың демонстрацияларға қатысуына кедергі келтіретін жүйелі тәжірибе болып табылатынын атап өтті.

Тұрақты өкіл Арнайы баяндамашыға Қазақстан Конституциясына сәйкес азаматтар бейбіт жиналуға хақылы екенін атап өтті. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін екендігін хабарлады.

Өз сөздерінің соңында Ж.Айтжанова БҰҰ арнайы баяндамашыларының көзделген мәселелер бойынша мемлекеттің ұстанымын ескере отырып, адам құқықтарының бұзылуының әрбір нақты жағдайы бойынша ақпаратты келтіру қажеттігіне назарын аударды.