Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты

2021 жылғы 21-22 маусымда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 47-ші сессиясы шеңберінде Қазақстанның Тұрақты өкілі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары М.Бачелеттің баяндамаларын талқылау бойынша интерактивті диалогтарға қатысты.

21 маусымда Жоғарғы комиссардың пандемияға және денсаулық сақтау саласындағы басқа да төтенше жағдайларға жауап берудегі мемлекеттің орталық рөлі және олардың тұрақты дамуға жәрдемдесу мен адамның барлық құқықтарын іске асырудағы әлеуметтік-экономикалық салдары туралы тақырыпты баяндамасын талқылауға ұсынылды.

М.Бачелет өз баяндамасында пандемия кезіндегі мемлекеттің басты рөлі адам құқықтарын сақтаумен тиімді санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылдауы, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелеріне инвестицияларды арттыруда екенін атап өтті.

Бұл ретте, Ж.Айтжанова диалог қатысушыларына пандемия кезінде Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау шаралары, ҚР Үкіметі елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асырғаны туралы хабарлады. Атап айтқанда, 2020 жылы төтенше жағдай кезінде мемлекет табыссыз қалған қызметкерлерге әлеуметтік көмек көрсетті, базалық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшелерін ұлғайтты. 2021 жылы асыраушысынан айрылуына байланысты, мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы отбасыларға төленетін базалық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұрақты Өкілі короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шаралардың қажеттілігін атап өтіп, QazVac вакцинасы әзірленгенін және жыл соңына дейін ел халқының 55%  вакцинациялауды жоспарланғанын туралы хабарлады.

22 маусымда Интерактивті диалог аясында Жоғарғы комиссардың жыл сайынғы баяндамасы талқыланды, онда пандемиядан кейінгі қалпына келтіру процесінде адам құқықтарын сақтауға баса назар аударылды.

Ж.Айтжанова сөйлеген сөзінде Қазақстан Президентінің саяси реформаларын жүзеге асыру мақсатында Үкімет адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекіткенін хабарлады. Аталған жоспарда БҰҰ шарттық органдарымен және БҰҰ АҚК арнайы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, адам саудасы құрбандарының, мүгедек азаматтардың құқықтарын, әйелдерге тыйым салынған жұмыстар тізбесін жоюды қоса алғанда, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою, ассоциация мен пікір білдіру бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету сияқты жұмыс бағыттары айқындалған.