Женева қаласында БҰҰ Қарусыздану зерттеу институтының директорымен кезесу өтті

Женева қаласында БҰҰ Қарусыздану зерттеу институтының директорымен кезесу өтті

11 маусымда Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі жәнебасқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Ж.Айтжанова және БҰҰҚарусыздану зерттеу институтының директоры Р.Гайсс арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында ЮНИДИР-дың директоры Институтқа көрсетілген қолдау үшін Қазақстанға ризашылық білдіріп, Институттың алдағы кезеңдегі жаңа технологиялар саласында, киберқауіпсіздік, жасанды сана және өлімге әкелетін әрекеттегі қарудың автономды жүйелерін қамтыйтын жұмысының басымдықтары туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы Тұрақты Өкілі Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздандыру саласындағы басымдықтары туралы, сондай-ақ БҰҰ БА 75-сессиясының барысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен ұсынған Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық агенттіктің құру жөніндегі бастамасы туралыхабарлады. Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі ағымдағы жылы Женева қаласында  Семей сынақ полигоны жабылғанының 30 жылдығына және 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне  орай «Қазақстан – БҰҰ: бейбітшілік жолындағы серіктестік» атындағы халықаралық конференцияны өткізу бойынша жоспарлар туралы хабарлады.

Кездесудің қорытындысы бойынша, ЮНИДИР-дың зерттеу әлеуетін пайдалана отырып, Институтпен биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаластық жеткен болатын. Сонымен қатар, тараптар арасында осы жылы Женева қаласында Семей сынақ полигонын жабуының 30 жылдығына және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай өткізуге жоспарлаған Конференцияның жұмысына ЮНИДИР-дың қатысуы бойынша келісім жеткен болатын.