Қытай Сыртқы істер министрі Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның отырысында Қазақстан Президентінің биологиялық қауіпсіздік жөніндегі бастамасын қолдады

Қытай Сыртқы істер министрі Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның отырысында  Қазақстан Президентінің биологиялық қауіпсіздік жөніндегі бастамасын қолдады

11 маусымда ҚХР-дың Сыртқы істер министрі Ван И онлайн форматта өткен Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның отырысында сөз сөйледі. Қытай СІМ қарусыздандыру және таратпау саладағы маңызды мәселелері бойынша өз елінің ұстанымы туралы баяндады. Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияны орындау мәселесіне қатысты Ван И БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беру міндетін көздейтін Биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық агенттікті құру туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың бастамасына қолдау білдірді.

Ж.Айтжанова Қазақстанның ұсынысына қолдау көрсеткені үшін Қытай тарапына ризашылығын білдіріп, бүгінгі жағдайда аталған бастаманың өзектілігін ерекшелігін атап өтті. Ж.Айтжанова ҚР Президентінің бастамасына қатысты тұжырымдама Женевадағы тұрақты миссиялардың арасында таратылғанын ескеріп, оны барлық мүдделі делегациялармен егжей-тегжейлі талқылауға дайын екендігін атап өтті.