БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстан Президентінің адам құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы шешімімен таныстырылды

БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстан Президентінің адам құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы  шешімімен таныстырылды

2021 жылғы 10 маусымда Қазақстанның Тұрақты Өкілдігі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының жыл сайынғы баяндамасын талқылауға қатысты.

Қазақстанның Тұрақты Өкілі Ж.Айтжанова Жоғарғы Комиссар М.Бачелетке және БҰҰ-ның 165 мүше мемлекеттердің делегацияларына арналған сөз сөйлеуінде 2021 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлық жөнінде хабарлады.

Қазақстанның Тұрақты Өкілі Президент Жарлығына сәйкес Үкімет жыл сайын БҰҰ шарттық органдарымен және БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, әйелдерге қатысты кемсітуді жою, пікір білдіру бостандығына құқық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру сияқты жұмыс бағыттарын көздейтін адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын іске асыру туралы есеп беретіндігін жөнінде мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұрақты Өкілі Жоғарғы Комиссар М.Бачелеттің баяндамасында көзделген адам құқықтары саласындағы Қазақстанның заңнамасына енгізілген өзгерістердің атап өтіп, кездесуге қатысушыларды COVID-19 пандемиясына байланысты қиындықтарға қарамастан, 2020 жылы Қазақстанда адам құқықтарын көтермелеу және қорғау мақсатында саяси реформалар іске асырылғанын хабардар етті. Бейбіт жиналыстар туралы тұжырымдамалық жаңа заңды қабылдау аталған белгілі қадамдардың бірі болып табылады, ол хабарлама сипатын, арнайы аймақтарды айқындауды және бейбіт жиналыстарды өткізуді реттеуді оңайлатуды көздейді.

Сөз сөйлеуінің аясында Қазақстанның Тұрақты Өкілі Қазақстан адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын имплементациялауды ұстанатын болатындығын мәлімдеді.