Қазақстан БҰҰ Адам Құқықтары жөніндегі Кеңесінің 46 сессиясында өлім жазасы туралы пікірталасқа қатысты

Қазақстан БҰҰ Адам Құқықтары жөніндегі Кеңесінің 46 сессиясында өлім жазасы туралы пікірталасқа қатысты

2021 жылы 23 ақпанда Адам құқығы жөніндегі Кеңесінің 46-сессиясы шеңберінде өткен өлім жазасы туралы пікірталаста БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелет Қазақстанның өлім жазасы туралы Халықаралық азаматтық және саяси құқықтары жөніндегі Факультативті Хаттамасына ол қойып, ратификациялағанына жоғары баға берді. БҰҰ Өлім жазасы туралы панельдік пікірталасты мүше мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен жылына екі рет өткізеді.

Панельдік талқылауда Өлім жазасына қарсы Халықаралық Комиссияның Комиссары Цахия Элбэгдорж сөз сөйледі, ол Қазақстан осы маңызды келісімге қол қоюымен Орталық Азия мен Моңғолияны әлемдегі өлім жазасын қолданбайтын алғашқы аймаққа айналдыруға  бір қадам жақындатты деді. Еуропалық Одақтың адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Эамон Гилмор мырза панельдік талқылауда жасаған мәлімдемесінде Қазақстанның осы халықаралық құжатқа қосылу жолындағы оң қадамын құптады.

БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесі жанындағы Тұрақты Өкілі Жанар Айтжан пікірталас барысында мәлімдеме жасады және Қазақстанның адамның ең маңызды құқығы - өмір сүру құқығын қорғауға беріктігін атап өтті. Сонымен бірге, Тұрақты өкіл Қазақстан тарапының өлім жазасына қарсы Халықаралық Комиссиямен және басқа да мүдделі тараптармен Орталық Азия мен Моңғолияда әлемдегі өлім жазасын қолданбайтын бірінші аймақ құруды қолдайтынын білдірді.