Женевада ЮНКТАД-15 Конференциясына дайындық жұмыстар талқыланды

Женевада ЮНКТАД-15 Конференциясына дайындық жұмыстар талқыланды

2021 ж. 19 ақпанда Қазақстанның Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова Еуразиялық экономикалық одақтың мүше елдердің аймақтық тобымен Барбадос арасындағы ү.ж. 3-8 қазанда Бриджтаунда (Барбадос) өтетін БҰҰ-ның Сауда және даму жанындағы конференциясының 15-ші сессиясына (ЮНКТАД-15) дайындық жұмыстарын талқылау бойынша виртуалды кездесуде сөз сөйледі.

ҚР-ның Тұрақты өкілі Айтжанова Қазақстан атынан Барбадосты ЮНКТАД-15 конференциясын қабылдаушы ел ретінде бекітуімен құттықтады, бұл шағын арал дамушы мемлекеттер аймағы үшін тарихи оқиғаға айналады деп атап өтті. Сонымен қатар, Ж.Айтжанова 1994 жылы Барбадоста БҰҰ-ның алғашқы іс-қимыл жоспары қабылданғанын, ол шағын арал дамушы мемлекеттер елдерінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерін шешуге және олардың одан әрі тұрақты дамуына ықпал етуге бағытталғанын атап өтті. Қазақстандық дипломат Барбадоста ЮНКТАД-15 сәтті өткізілуіне үміт білдірді.

ЕАЭО аймақтық тобына мүше елдердегі әріптестерінің сөздеріне қосыла отырып, Елші Ж.Айтжанова ЮНКТАД-15-ке арналған жоғары деңгейдегі саяси құжатты әзірлеуге қолдауын білдірді және ЕАЭО тобының ЮНКТАД-15-тің келіссөздер мәтініне ұсыныстар берілген үлесін атап өтті.

Қазақстан ЮНКТАД-15-тің қорытынды құжатын 2021 жылы маусымда аяқтау мақсатын қолдайды және Бриджтаунда маңызды нәтижелерге қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын.

Сонымен қатар, Елші Ж.Айтжанова Қазақстан теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының жаһандық төрағасы ретінде (2020-2021 жылдар кезеңінде) ЮНКТАД-тың РСНВМ елдеріне көрсеткен қолдауын жоғары бағалайтындығын атап өтті.

Елші БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 75-ші сессиясы аясында 2020 ж. 23 қыркүйегінде Нью-Йоркте Қазақстанның төрағалығымен Теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің Министрлік декларациясы және 2014-2024 ж. қалған бес жылға арналған Вена іс-қимыл бағдарламасын іске асыруды жеделдету жөніндегі жол картасың қабылданғанын атады.

ЕАЭО аймақтық тобы атынан ЕАЭО тобының үйлестірушісі ретіндегі Ресей Федерациясының Тұрақты өкілінің орынбасары А.Алиев, Беларуссияның Тұрақты өкілі Ю.Амбразевич, Қырғызстанның Тұрақты өкілі Д.Мукашев және Арменияның Тұрақты өкілінің кеңесшісі Т.Давтян да қатысты.