Қазақстанның делегациясы Қарусыздану жөніндегі конференция 2021 жылғы сессияның ашылуында сөз сөйледі

Қазақстанның делегациясы Қарусыздану жөніндегі конференция 2021 жылғы сессияның ашылуында сөз сөйледі

21-ші қантарда Қазақстанның Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова Қарусыздану жөніндегі конференцияның 2021 жылғы сессияның ашылуында сөз сөйледі. 

БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі форумы шеңберінде мазмұнды келіссөздерді шұғыл түрде бастау бойынша Қазақстанның ұстанымын ескере отырып, Ж.Айтжанова конференцияда төрағалық ететін Бельгия делегациясының жұмыс бағдарламасымен келісу туралы бастамаға қолдау білдірді. Осыған байланысты ол басым бағыттарды, соның ішінде ядролық қарусыздану, ядролық емес мемлекеттерге қауіпсіздікке кепілдік беру, ядролық қарусыздану үшін ыдырайтын материал өндірісін тоқтату және ғарышқа жаппай қару шығаруды болдырмау бойынша нақты жұмысты бастаудың маңыздылығын атап өтті. 

Еліміздің ядролық қарусыздану саласындағы үлесін баса айтып, Қазақстанның Тұрақты Өкілі үстіміздегі жылда Семей ядролық полигонының жабылуының 30-жылдығына арналған іс-шаралар жоспарланғанын хабарлады. Бұл басқа елдерде полигондардың жабылуына және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың мақұлдауына жол берді. 

Пандемияның халықаралық қатынастарға ықпалы туралы баса айтып, Ж.Айтжанова Биологиялық қаруға тыйым салу туралы Конвенцияның өзектігін атап өтті. Осыған орай, ҚР Президентінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында есеп беретін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасын іске асыруға арналған жұмыс жүргізуде екенін жеткізді. 

Баяндамасының соңында Қазақстанның өкілі 2020 жылы желтоқсанда БҰҰ ғиматарында Абай Құнанбайұлының бюстін орнатудың ашылуы өткенін мәлімдеді. Абайдың бюсті Қарусыздану жөніндегі конференция залының алдында орнатылған және Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөздері БҰҰ қоғамдастығын бейбітшілікті және бірлікті нығайтудың қажеттілігін еске салуға бағытталғанын жеткізді.