Қазақстан ДЗМҰ-ның Бас директорына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы құжатты тапсырды

Қазақстан ДЗМҰ-ның Бас директорына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы құжатты тапсырды

2021 жылғы 12 қантарда Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Д. Тангқа 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы Қазақстан Республикасының ратификациялауы туралы Құрал сақтауға берілді. 

Ратификациялық құжатты Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ж.Айтжанова табыс етті. Ратификациялау туралы Құралды табыстау Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының Президенті С. Тлеулесованың қатысуымен өтті. 

Хаттаманың күшіне енуі еуразия өңірі елдерінің өнеркәсіптік үлгілерін құқықтық қорғаудың жаңа мемлекетаралық жүйесін құруда маңызды оқиға болмақ. 

Өнеркәсіптік үлгіге патенттің ауқымды қолданылу аймағы – Еуразиялық патенттеу жүйесіне қатысушы 8 мемлекет және барлық 8 елде (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан) бір басымдық күнін белгілеу мүмкіндігі осы жүйенің артықшылықтары болып табылады. 

Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеудің мемлекетаралық жүйесіне қатысу отандық тауар өндірушілер үшін жаңа идеялар мен бірегей бұйымдарға өз құқықтарын қорғау аумағын кеңейтуде жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ шетелдік патент иеленушілер үшін Қазақстан Республикасының тартымдылығын арттырады.