11 желтоқсанда Женевада 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылғаннан бері ДСҰ-ға кіру процестерін шолуға арналған конференция өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің 5 жылдығын атап өтті, ол ұйымның 25 жылдығымен қатар келді. Конференция, сондай-ақ Қытай, Хорватия және Сауд Арабиясының ДСҰ-ға кіруінің мерейтойларын атап өтті.
Коронавирус шектеулеріне байланысты бейне форматта өткен конференцияны ДСҰ Бас директорының орынбасары Алан Вулф ашты. ДСҰ-ның жоғары өкілі ұйымның маңызды жетістіктерінің бірі ДСҰ-ға мүшелікті кеңейту екенін атап өтіп, ширек ғасыр ішінде оған 36 ел кіргенін және тағы 23 ел ДСҰ-ға мүше елдермен келіссөздер процесінде екенін атап өтті.
А.Вулф Қазақстанның ДСҰ-ға кіру процесі ең ұзақ келіссөз процестерінің біріне айналғанын, бұл біздің елімізге үлкен назар аударылатындығын және Қазақстанның ДСҰ мүшесі ретінде қабылдаған маңызды міндеттемелерін айғақтайтынын ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, ДСҰ-ға мүше болу, ұйымға кіретін елдер экономикасының көптеген секторларындағы құрылымдық реформалардың катализаторы болып табылады, олардың жаһандық және өңірлік экономикалық интеграциясына, тұрақты дамуына және экономикалық өсуіне ықпал етеді.
Конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов құттықтау бейнеөтініш жасады. Қазақстанның сауда ведомствосының басшысы ДСҰ-ны 25 жылдық мерейтойымен және Хорватия, Қытай мен Сауд Арабиясын олардың атаулы күндерімен құттықтады.
Ол Қазақстан жаһандық сауда-экономикалық жүйеге терең бірлескенін және Қазақстан саудасының 90%-дан астамы ДСҰ мүше елдеріне тиесілі екенін атап өтті.
Министр Сұлтанов Қазақстан көпжақты сауда жүйесін берік қолдайтынын және алғашқы күннен бастап ДСҰ қызметіне, сондай-ақ осы халықаралық ұйым шеңберіндегі ағымдағы жаһандық сауда келіссөздеріне белсенді қатысатынын атап өтті.
Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова еліміздің ДСҰ-ға кіру тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық заңнаманы ДСҰ талаптарына толық сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан үкіметі жүргізген жұмыс туралы айтты. Қазақстанның бас келіссөзшісі бұл қадамдардың барлығы елдегі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту, ұлттық экономиканы әртараптандыру және отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалғанын атап өтті.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру процесі 19 жылға созылды. ДСҰ сарапшыларының пікірінше, келіссөздер процесінің мерзімдері мен күрделілігі Қазақстанның Кеден одағының, содан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың құрамында бола отырып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өз серіктестерімен ДСҰ-ға кіру жөніндегі міндеттемелерді келісуге тиіс болуымен байланысты болды.
Іс-шарада сондай-ақ ҚХР Сауда министрінің орынбасары Ван Шоувень, одан басқа Хорватия, Қытай және Сауд Арабиясының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдері сөз сөйледі.