Қазақстан СІМ-де БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастықтың кеңейту перспективалары талқыланды

Қазақстан СІМ-де БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастықтың кеңейту перспективалары талқыланды

Астана, 2026 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Кошербаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесті.

Тараптар Қазақстанның БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде орнықты даму, экология, көлік және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды талқыға салды. Көпжақты алаңдар, соның ішінде Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ Арнайы бағдарламасы (СПЕКА) шеңберінде әріптестікті одан әрі нығайтудың өзектілігі аталып өтті.

Климаттық күн тәртібін іске асыру, өңірлік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ жүйесіндегі бастамаларын ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда сыртқы саяси ведомствоның басшысы Өңірлік экологиялық саммит аясында Мемлекет басшысының Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы бойынша өткен халықаралық консультациялардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық алаңдарда өзара іс-қимылды кеңейтуге және күш-жігерді үйлестіруге өзара мүдделілік расталды.