Республика күні Женевада мерекелік концертпен аталып өтті

Республика күні Женевада мерекелік концертпен аталып өтті

Женева, 2025 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасының БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігі Республика күнін салтанатты концертпен атап өтті. Бұл мәдени шара «Швейцариядағы Қызылорда облысының күндері» аясында Қызылорда облысының дарынды музыканттары мен би ұжымдары өнерінің арқасында Қазақстан халқының бай мұрасы мен көркемдік дәстүрлерін көрсетті.

Мерекелі жиынға еліміздің достары мен серіктестері – халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың басшылары, дипломаттар, Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Женева академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты.

Концерт аясында Қазақстанның мәдени тереңдігін көрсететін дәстүрлі музыка мен билер ұсынылды. Іс-шараны Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев және Елші Ерлан Әлімбаев құттықтау сөздерімен ашты. Елші Әлімбаев отандастарымызды айтулы мерекемен құттықтап, Женева алаңында еліміздің халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін серіктес елдерге алғысын білдірді.

Іс-шара соңында жиналғандарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, еліміздің басқа бай мұрасымен танысуға мүмкіндік берілді.

Бұл мереке бұған дейін Атырау мен Ақтөбе өңірлерінің өнерімен таныстырудан басталған Женевадағы мәдени алмасу дәстүрінің жалғасы болды.