ЕАЭО жетістіктері Женевада ұсынылды

ЕАЭО жетістіктері Женевада ұсынылды

Женева, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі Еуразиялық экономикалық комиссия мен Беларусь Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен Женевадағы «Еуразиялық экономикалық одақ күндерінің» ашылуына қатысты.

Ашылу салтанаты мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің туристік және табиғи көрікті жерлеріне арналған фотокөрме аясында ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валовая сөз сөйлеп, тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолында өңірлік экономикалық интеграция мен халықаралық ынтымақтастықты дәйекті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«ЕАЭО өңірлік экономикалық интеграциясы: 10 жылдағы нәтижелер және әріптестік перспективалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел интеграциялық бірлестік ретінде ЕАЭО жетістіктері, сондай-ақ сауда, көлік, энергетика, еңбек, көші-қон, зияткерлік меншік және тағы басқа мәселелермен айналысатын БҰҰ агенттіктерімен және басқа да халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері талқыланды.

Іс-шарада сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Уақытша сенімді өкілі Арсен Омаров Қазақстанның еуразиялық интеграцияға деген бұлжымас бейілділігін растап, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын атап өтті.