Қазақстан мен Саарланд (Германия) арасындағы стратегиялық ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан мен Саарланд (Германия) арасындағы стратегиялық ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері

2025 жылғы 31 наурыз, Диллинген және Саарбрюкен – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Склярдың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев және Қазақстан Республикасы Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Таубалды Умбетбаев бастаған қазақстандық делегация SHS - Stahl-Holding-Saar GmbH&Co.KgaA және Becker Mining Systems AG сияқты Германияның жетекші компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесулер барысында металлургия, машина жасау және тұрақты технологиялар сияқты стратегиялық салалардағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Саар федералды жерінің ең ірі болат өндірісі компаниясы SHS - Stahl-Holding-Saar GmbH&Co.KgaA холдингінің өкілдерімен кездесу барысында қазақстандық делегацияны болат өндірісі мен қайта өңдеу зауытының жұмысымен таныстырылды. Тараптар тұрақты металлургия саласындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапы орнықты даму саласындағы, оның ішінде «жасыл» шешімдер мен озық технологияларды Қазақстанда енгізу мақсаттарға ерекше мән беретінін жеткізіп, бірқатар әлеуетті инвестициялық жобаларды ұсынды.

Инвестициялар жалпы көлемі 3,5 миллиард еуроны құрайтын SHS - Stahl-Holding-Saar GmbH&Co.KgaA компаниясының сутекті технологияларды пайдалану арқылы төменкөміртекті болат өндіруге көшу жөніндегі ауқымды жобасы Қазақстанның орнықты даму саласындағы стратегиялық мүддесіне сай келеді.

Becker Mining Systems AG өкілдерімен кездесу барысында тау-кен металлургия саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды. Becker Mining Systems AG компаниясы тау-кен өнеркәсібі үшін энергетика, автоматтандыру, байланыс, көлік және инфрақұрылым саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.

Компанияның Басқарушы директоры Вольфганг Вегенер Қазақстан делегациясымен компанияның жоспарларымен бөлісіп, Қазақстанда тау-кен металлургиялық жабдықтардың өндірісі мен құрастыруын жергілікті жерде іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Кездесу барысында Becker Mining Systems AG компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейту және тау-кен технологиялары саласындағы маңызды жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан экономиканың жоғары технологиялық салаларына инвестициялар тарту және өнеркәсіптік әлеуетті дамыту бойынша белсенді жұмыс істейді. Қазақстан делегациясын бастаған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә. Қуантыров, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Е. Елекеев және ҚР Майндағы Франкфурт қ. Бас консулы Т. Умбетбаев неміс кәсіпкерлігі үшін Қазақстанда қолайлы жағдайлар жасауға және болашақта ұзақмерзімді серіктестікті жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді.